Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек оңтүстік-батыста және республиканың оңтүстігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады. Кей жерлерінде көктайғақ,тұман, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің екпіні 15-23 м/с-ге жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Маңғыстау, Атырау, облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің күшеюі 15-20 м/с, күндіз көктайғақ болады.