00:08, 18 Қазан 2017 | GMT +5
Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде жауын жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр күтіледі, оңтүстік- шығыс және оңтүстіктің кей жерлерінде күшті жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Еліміздің кей жерлерінде тұман мен желдің күшеюі күтіледі. Ақмола, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Ақтөбе, Қостанай, күндіз Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-ге жетеді, өңірдің оңтүстік батысында аса күшті 30 м/с жел соғады.