Сәрсенбіде Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 31 қазан күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде метеорологиялық жағдай қолайлы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Болжамға сәйкес Талдықорған мен Оралда метеожағдай нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.