Сәрсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 сәуірде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, оңтүстік, оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде соңы нөсерге ұласуы ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Сәрсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады

Синоптиктердің болжауынша, сәрсенбіде еліміздің уей жерлерінде найзағай жарқылдап, желдің күшейеді, тұман түседі. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығысында бұршақ жауады, сондай-ақ оңтүстікте дауыл күтіледі.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Жел 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с күшейіп, сонымен қатар Жамбыл облысында тұман түседі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, дауыл күтіліп, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде - найзағай ойнайды.
Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде - тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде - жел 15-20 м/с күшейеді.