Сәрсенбіде Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 17 наурыздағы Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кәсіпорынның мәліметіне сенсек, қолайсыз метеорологиялық жағдай Теміртау және Нұр-Сұлтан қалаларында сақталады.
Өзге шаһарларда метеоахуал бірқалыпты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.