Сәрсенбіде Қазақстанның кей жерлерінде жауын жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 қыркүйекте Қазақстанда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал, дауыл, екпінді жел күтіледі, тек еліміздің батысында ауа райы жауын-шашынсыз. Солтүстік батыста түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.
None
None

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с-ге жетеді, күндіз дауыл, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с-ге жетеді, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін.
Павлодар, күндіз Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Қостанай облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с болады, түнде кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз Қызылорда облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейіп, дауыл бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, Алматы облысының кей жерлерінде аптап ыстық болуы мүмкін.
Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Қостанай облысының басым бөлігінде, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Соңғы жаңалықтар