Сәрсенбіде Қазақстанның солтүстік облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Республиканың  солтүстік, солтүстік-батыс және орталық аудандарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты  қар, тұман, көктайғақ болып, жел соғады.

Сәрсенбіде Қазақстанның солтүстік облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс-Қазақстан, түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында  жел 18-23 м/с, күндіз  желдің екпіні 28 м/с-ға дейін  күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, күндіз  жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, түнде және таңертең тұман болып, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.