Сәрсенбідегі ауа райы: Еліміздің оңтүстігінде жауын-шашын болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 қазанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың оңтүстігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты, құбылмалы жауын-шашынды ауа райы сақталады. Еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының жекелеген ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан, түнде және танертең Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Маңғыстау, кей жерлерінде Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының түнде кей жерлерінде 2 градус үсік жүреді.

Соңғы жаңалықтар