Сары теңізде орыстар мен жапондықтар арасындағы соғыста суға батып кеткен кеме табылды

АСТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат - 21 қазан мен 6 қараша аралығында Сары теңіздегі Қытайдың Люйшунь айлағы маңында іздеу жұмыстарын жүргізген Ресей-Қытай экспедициясы 1904 жылы

Сары теңізде орыстар мен жапондықтар арасындағы соғыста суға батып кеткен  кеме табылды

орыстар мен жапондықтар арасындағы соғыс кезінде теңізге батып кеткен ресейлік броненосец «Петропавл» кемесін тапты. Бұл туралы ҚХР-дағы Ресей елшілігінің кеңесші-елшісі Евгений Томихиннің ақпаратына сілтеме жасай отырып Утро.ру агенттігі хабарлады.

«Люйшунь» ауданындағы аумақты зерттеу барысында ресейлік тараптың мұрағаттық материалдарына сүйене отырып «Петропавл» кемесінің қалдықтарына ұқсайтын нысандар табылды. Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, осы уақытқа дейін қаңқасы ғана қалған броненосецтің нақты қай жерде суға батқанын айтуға болады», - дейді Е.Томихин.

«Петропавл» кемесіне 1904 жылы 13 сәуірде жапондықтардың минасы тиіп, теңізге батып кеткен болатын. Кемемен бірге 620 теңізші, 29 кеме және штаб командирі қаза тапқан еді.