Сары түсті жедел жәрдем көліктеріне тұрғындар көбірек жол береді - Тимур Мұратов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазан айының бірінші дүйсенбісі - халықаралық дәрігерлер күніне орай, Астана қаласының жедел медициналық жәрдем стансасының бас дәрігері Тимур Мұратов станция қызметі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сары түсті жедел жәрдем көліктеріне тұрғындар көбірек жол береді - Тимур Мұратов

Оның айтуынша, елордалық жедел жәрдем станциясының бригадалары орта есеппен сағат сайын науқастар шақырған мекенжайға аттанады.

«2018 жылдың 8 айында 209 129 шақырту болды, яғни бір фельдшерлік бригада сағат сайын тәулігіне орта есеппен 18 шақыртуға барады. Науқастарға жету уақыты да жылдан-жылға қысқарып келеді. Мәселен, 2018 жылдың 8 айында біздің біздің бригадалар науқас өміріне қауіп төндірген кезек күттірмейтін 1 санаттағы шақыртуларға шамамен 10 минутта жетті. Әзірге жету уақытынан республика бойынша 3 орында тұрмыз», - деді Т. Мұратов.

Оның айтуынша, бригадалар науқастарға көмектесуде түрлі қиындықтарға тап болады.

«Барлық бригадалар шақырту орнына бара жатқанда көлік кептелісіне тап болады. Кез келген адам сирена даусына қарамастан, жүргізушілердің жедел жәрдем көлігіне жол бермеуіне куә болған шығар», - деп атап өтті Тимур Мұратов. 

Бас дәрігер жедел жәрдем көлігінің жаңа дизайны мен дабылының науқасқа жетуде маңызды рөл атқаратынын жеткізді.

«Жаңа өзгерістердің барлығын қуана-қуана қабылдадық. Сары түстің көзге бірден байқалатыны белгілі. Науқастардың өмірін құтқару үшін оқиға орнына жедел жету мақсатында көліктеріміз сары түске боялды. Әсіресе, Астанада тұман, қар, жаңбырлы ауа райы жиі болады. Бұрынғы ақ түсті көліктер аса байқала бермейтін. Бұл бригаларға да, өзге жүргізушілерге де қолайсыздық тудырды. Қазір жол үстіндегі қозғалыс жақсарды, тұрғындар жол бере бастады және науқасқа жету уақыты қысқаруда», -

Стандартқа сәйкес, Қазақстандағы жедел жәрдем көлігі науқасты тасымалдауда таңғы 8:00-ден 23:00-ге дейін жарықты және сиренаны қолданады. 23:00-ден кейін науқасты апара жатқан көліктер дыбыссыз жарықты қолданады.