Сарыағаш қаласында «Дастан» ЖШС-нің қоймасында ірі өрт болды

АСТАНА. 7 қаңтар. ҚазАқпарат - 6 қаңтар күні түнгі сағат төрт шамасында Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш қаласында «Дастан» ЖШС-нің қоймасының шатыры өртене бастады.

Сарыағаш қаласында «Дастан» ЖШС-нің қоймасында ірі өрт болды

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өрт төрт жарым сағаттан кейін сөндірілді, оның аумағы 600 шаршы метрді құрады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ ОҚО бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 52 адамы мен 6 техникасы жұмылдырылды.