Сарыағаш кеден бекетінде тәркіленген тауарларды тонап кетті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысындағы Сарыағаш кеден бекетінде тәркіленген тауарларды белгісіз біреулер  тонап кеткен. Бетіне бетперде кигендер түнгі сағат үште қоймаға баса-көктеп кіріп, құрғақ жемістерді қолды еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Облыстық МКД баспасөз қызметінің мәліметінше, кептірілген жемістер Өзбекстан Республикасынан Қазақстанға жол тартқан теміржол вагонынан табылған. 11 желтоқсан күні екі жүк вагонын тексеру барысында декларацияланбаған 90 830 келі жеміс дақылдары анықталған. Тауардың жалпы құны - 27 млн теңге. Ал, 13 желтоқсан күні тағы да осындай декларацияланбаған жеміс дақылы тәркіленді. Ондағы тауардың құны 28 млн теңге болған. Қоймаға ұрлыққа түскендер осы жемістердің сонда тұрғанын білген.

«15 желтоқсан күні түнгі сағат 03:40-та УСҚ аумағында бетперде киген 4 адам шығыс қақпадағы құлыптарды бұзып және УСҚ қызметкерлеріне қауіп төндіріп, тауарларды заңсыз алып кетті. Ішкі істер органдары қызметкерлері жедел іздестіру шаралары нәтижесінде тауардың қайда екенін анықтап, әрі қарай УСҚ-на орналастырылды» делінген хабарламада.

Қазіргі таңда қойманы тонағандар ұсталып, оларға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар