Сарыағаш шекара отрядының 200-ден астам жауынгері ұздік қызметтері үшін марапатталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Берілген тапсырманы ойдағыдай орындағандары үшін Сарыағаш шекара отрядының 240 жауынгері ІІ дәрежелі «Шекара қызметінің үздігі» төсбелгісімен наградталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2020 әскери бөлімінің саптық алаңқайында үздік еңбек еткен инженерлік-саперлық базасының әскери қызметшілері мараптталды. «Оңтүстік» өңірлік басқармасының бастығы полковник А.Қалиев төсбелгіні әрбір жауынгерге өз қолымен тапсырды.
Қазақ-өзбек шекарасында өзіндік орны бар Сарыағаш шекара отрядының шекаралық шептерінің арнаулы спиральді кедергілері жаңартылды. Ескі кедергі құрылғысына қарағанда қазіргі кедергі құрылғысының өзіндік ерекшеліктері бар. Қазіргі заманғы құрылғыны енді шекара бұзушылардың кесіп өту оңай емес.
ҚР ҰҚК ШҚ-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, полковник А.Қалиев арнаулы құрылғылардың ерекшеліктеріне тоқтала келіп, оны сапалы орнатуға үлес қосқан шекарашы сарбаздардың жауапкершіліктеріне басшылық атынан алғысын жеткізгді.