Сарыағаш тұрғындарына «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы түсіндірілді

Дербісек ауылдық округінде өткен кеңесте жергілікті халыққа бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде қаржылай мүмкіндіктерді арттыру мәселелері айтылды.
Семинар барысында ауыл шаруашылығы саласындағы тамшылатып суғару мамандығы бойынша үй бақшасында субтропикалық дақыл өсіру, көшет өндіру кәсібін бастау үшін азаматтардың білімін жетілдіру жайы қамтылды.
«Сарыағаш - жер сыйы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Т.Шынтасов пен аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары және облыстық кәсіпкерлер палатасы Сарыағаш аудандық филиалының директоры А.Мұсабеков қатысушыларға бірқатар түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қатысушылар қойған сұрақтар мен ұсыныстар тыңдалып, заң аясында толыққанды жауап берілді. Мемлекеттік бағдарламаның тұрғындарға тигізер пайдасы мен тиімді тұстары баяндалды. Бағдарлама арқылы табысқа қол жеткізудің жолдары тарқатылды.