Сарыағашта шипажайдан өрт шықты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Сарыағаш қаласы Көктерек ауылы Келес көшесінің бойындағы шипажайдан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарыағашта шипажайдан өрт шықты

«4 шілде күні сағат 18:54-те Сарыағаш қаласы Көктерек ауылы Келес көшесінің бойындағы санаторийде өрт орын алғандығы туралы хабарлама келіп түсті. «Арман» АҚ-ға қарасты шипажайдың 4 қабатты ғимаратының 2-ші қабатындағы нөмірден өрт шығып, 3, 4-қабаттағы нөмірлерге, әрі қарай шатырға өткен. Өрт сөндірушіер (№25 өрт сөндіру бекетінің бірінші бөлімшесі) оқиға орнына 19:00-де жеткен» делінген облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы таратқан хабарламада.

Өрт 832 шаршы метр аумақты шарпыған; сағат 20:00-де оқшауланып, сағат 21:15-те толық сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. 124 адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Тілсіз жаумен күреске «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі» өрт сөндіру бөлімшелерінің 25 адамы, 6 техникасы жұмылдырылған.