15:54, 24 Тамыз 2020 | GMT +5
Сарыағаштағы Келес өзенінде жаңа көпір салынып жатыр
САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы Келес өзенінде жаңа көпірдің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жартытөбе мен Құркелес ауылдық округтерінің аумағынан өтетін өзен ауыл тұрғындарының ара қатынасы үшін аса маңызды. Нысанның құрылыс жұмыстары жергілікті басшылықтың қатаң бақылауында.
Қазіргі таңда мердігер мекеме «Корпорация Береке-А» ЖШС тарапынан ұзындығы - 60, ені - 10 метр болатын жаңа көпірдің және көпірге дейінгі Еңкес елді мекеніндегі С.Мұсаұлы көшесінің 0,42 шақырымына орташа жөндеу жұмысын жүргізуде.
Жаңа көпір қазан айының соңында пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Тиісті басқармалар мен аудан басшылығы халық игілігі үшін салынып отырған көпірдің құрылыс сапасын қадағалап отыр.
Мердігер компанияға құрылыс материалдарының сапасын назарда ұстап, нысанды белгілеген мерзімнен кешіктірмей өткізу тапсырылған.