16:32, 30 Тамыз 2014 | GMT +5
«Сарыарқа» АЭА-да 53 фирма жұмыс жасауы тиіс еді, бүгінде оның 2-уі ғана жұмыс жасап тұр - Н.Назарбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Оның инфрақұрылымына 25 млрд. теңге бөлінді. Онда 53 фирма жұмыс жасауы тиіс еді, бүгінде оның 2-уі ғана жұмыс істеп тұр, - деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінің Твиттердегі парақшасында хабарланды.
«Нақты инвесторларды тартудың орнына басқарушы компания АЭА-ны өздерінің «бос» фирмаларымен толтырған, - деді бұдан әрі Президент - Бұдан кейін бұл компания осы фирмалардың құжаттарын әлеуетті инвесторларға қайта сатты».