11:27, 13 Наурыз 2009 | GMT +5
«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен Картоп және көкөніс өсірушілер қауымдастығы меморандумға отырды
ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Астананың айналасында азық-түлік қауіпсіздігі белдеуін жасау мақсатында «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен Қазақстанның Картоп және көкөніс өсірушілер қауымдастығы меморандумға қол қойды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Меморандум бойынша ағымдағы жылы елордаға 10 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдерінің жеткізілімі қарастырылып отыр. «Корпорация жұмысындағы басымдықты және әлеуметтік маңызды бағыттардың бірі ауыл шаруашылығы кластерін құру және оны дамыту болып табылады, себебі бұл бағыт жұмыспен қамтылмаған халықты экономикалық айналымға тартуға, заманауи технологиялар қолданылатын жаңа өндірістер ашуға, сондай-ақ бағаны ырықтандыруға сеп болады», дейді корпорация басқармасының төрағасы Берік Қамалиев.