14:37, 04 Шілде 2013 | GMT +5
Сарыарқа аудандық прокуратурасы «Казсевавтодор» ЖШС жұмысшыларының 36 061 369 теңге еңбекақыларының өтелуіне ықпал етті - Астана
АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - Астана қаласының Сарыарқа аудандық прокуратурасы «Казсевавтодор» ЖШС жұмысшыларының алдындағы еңбекақылары бойынша берешектің өтелуін қамтамасыз етті.
Бұл туралы Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.
Прокуратураның тексеруімен «Казсевавтодор» ЖШС 279 жұмысшының алдында жалпы сомасы 36 061 369 теңгені құрайтын еңбекақы бойынша берешегі бар екендігі анықталды.
Прокуратураның ұйғарымы бойынша аталған мекеменің жұмысшыларының еңбекақылары толығымен төленіп, олардың бұзылған конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.
Сонымен қатар прокурорлық ықпал ету шаралары бойынша кәсіпорын басшысы заңмен көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылды.