Сарыарқа ауданында мұз корт пен екі сырғанақ салынады

АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Елорда ҚР Тәуелсіздік күнін, сондай-ақ, үлкен-кіші тағатсыз күтетін жаңа жылдық мерекелерді атап өтуге қызу дайындық үстінде. Астана қаласының Сарыарқа ауданында 8 шырша орнатылды. Бұл туралы Сарыарқа ауданының әкімі аппаратына сілтеме жасап astana.kz хабарлады.

Сарыарқа ауданында мұз корт пен екі сырғанақ салынады

Атап айтқанда, шыршалар Астана қаласы әкімдігінің алдындағы алаңға, М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының жанына, ҚР Қаржы министрлігі ғимаратының алдындағы алаңға, К.Бәйсейітова атындағы опера және балет театрының алдына, теміржол вокзалының алдындағы алаңға, №188 көшеде «Северный» сауда үйінің аумағында, «Көктал-1» тұрғын алабында «Наз» театрының алдына, Өндіріс тұрғын алабында №49 мектептің жанына орнатылды.

Бұдан басқа, Сарыарқа ауданында «Sine Tempore» сауда үйінің алдындағы алаңда мұз корт салынып, Оқушылар сарайының артынан 2 сырғанақ жасалады.

Сонымен қатар, Астанада шағын сәулет формалары қойылады: Сарыарқа даңғылы мен Ирченко көшесінің қиылысында - «Шырша мен кәдесый шарлары», Абай даңғылы - Жеңіс даңғ. қиылысында - «Қар ұшқындарынан жасалған шырша», ҚР Қаржы министрлігінің алдындағы алаңға - «Боран мен жыл нышаны», Абай ескерткішінің алдына - «Қысқы шие», Кенсары к-сі - Жеңіс даңғ. бұрышында - «Қыс қызы», Шахматный скверінде - «Қар ұшқындары».