Сарыарқа ауданының әкімдігінде ұстаздарға сый-құрмет көрсетілді

АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппаратында салтанатты жиын өтті. Басқосуда аудан әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мұғалімдерді мерекелерімен құттықтап, елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің атынан 2 пәтер кілтін тапсырды, деп хабарлады қаланың ресми сайты.
None
None

Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев: «Бүгін мектеп директорларының барлығын шақырып, сый-құрмет көрсеттік. Сол директорлар арқылы аудандағы мұғалімдерді де құттықтадық деуге болады. Ол кісілерге денсаулық, отбасына құт-береке тілеймін. Жас ұрпақ тәрбиелеп жатқандары үшін алғыс айтамын», - деді.

Жалпы, Сарыарқа ауданында 37 мектеп бар. Әрқайсысының саналы ұрпақ, ұлт мақтанышы болар азамат тәрбиелеуде еңбегі зор. Десе де, соның ішінде көші ілгері білім мекемесіне «Жыл көшбасшысы» сертификаты берілді.

«35 жылдан бері мектепте жұмыс істеп, осындай дәрежеге жеткеніме қуаныштымын. Астанада аянбай еңбек етіп келемін. Сол еңбегім жоғары бағаланды.

Оқу жылының басталғанына көп уақыт бола қоймағанын ескерсек, әлі ұстаздар алдында игі мамандықтың беделін одан әрі арттырып, шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, қанатын қатайту міндеті тұр», - деді пәтер кілтіне ие болған №23 орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлжан Әлмұхамбетова.

Соңғы жаңалықтар