«Сарыарқа» газ құбыры: 2 мыңнан аса адам жұмысқа тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Халық алдында есеп беріп жатқан Энергетика министрі Қанат Бозымбаев елімізде газдандыру деңгейі 49,7%-ға жеткенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде газды шамамен 9 миллион қазақстандық тұтынып отыр. Ал елорданы газбен қамту жобасы жоспарға сай жүргізілуде.

«2019-2021 жылдарда облыста 100-ден астам жоба іске асырылатын болады. Ал Сарыарқа газ құбыры кестеге сәйкес салынып жатыр. Қазіргі уақытта Жезқазған қаласына жақын жерде дәнекерлеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге шамамен 420 км құбыр дәнекерленді. Бұл жалпы газ құбырының 40%-ын құрайды», - дейді Қанат Бозымбаев.

Бас энергетик елордамен бірге, бірінші кезеңде Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Сәтбаев, Саран, Шахтинск қалаларының 171 елді мекені газбен жабдықталатынын жеткізді.

«Аталмыш елді мекендердің 142 мың тұрғыны газға қол жеткізеді. Жалпы жыл аяғына дейін елдің газдандыру деңгейін 50 %-дан асыру күтілуде», - деді ол.

Министрдің мәлдіметінше, Нұр-Сұлтан қаласына газ тарту жұмысына 2200 адам тартылған.

«Қазіргі таңда дәнекерлеу жұмыстарының орташа қарқыны күніне 7-8 шақырым. Дәнекерлеу жапсарларын тегістеу, оқшаулау, траншеялардағы құбырларды төсеу және көму жұмыстарына 2200 астам адам мен 700 жуық арнайы техника жұмылдырылған», - деді Қанат Бозымбаев.

Соңғы жаңалықтар