«Сарыарқа» газ магистралі солтүстік пен шығысқа созылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат – Энергетика министрі Болат Ақшолақов ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде елдің солтүстігі мен шығысын көгілдір отынмен қамтамасыз етудің ықтимал жолдарын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
«Елдің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыруға қатысты бірнеше нұсқалар пысықталуда, атап айтқанда: «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының 2-ші және 3-ші кезеңдерін салу және Ресей Федерациясымен Павлодар қаласына тармақталған «Барнаул-Рубцовск-Семей-Өскемен» магистральдық газ құбырын салу бойынша келіссөздер жүргізілуде», - деді Болат Ақшолақов.

Сондай-ақ ол Өскеменге тармақталатын «Омбы-Павлодар-Семей» газ құбырын салу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын еске салды.

«Бұл ретте газдың ресурстық базасы және импорттық газдың құны мәселесі тежеуші фактор болып табылады. Осы бағыттағы жұмыс жалғасады», - деді министр.




Соңғы жаңалықтар