«Сарыарқа» ХК құрамындағы өзгерістер туралы ресми түрде хабарлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы өзінің ресми сайтында құрамындағы өзгерістер туралы жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Sports.kz  сайтына сілтеме жасап.

«Сарыарқа» ХК құрамындағы өзгерістер туралы ресми түрде хабарлады

Алмасу келісіміне сәйкес, хоккейшілердің екіжақты ауысуы жасалды. «Молот-Прикамье» ХК-ға қорғаушы Александр Шикун мен қақпашы Александр Енюшин өтті. Қарағандылық командасын шабуылшы Александр Романов толықтырды.

Александр Ремов 1994 жылдың 7 маусымында дүниеге келген. Хабаровск қаласындағы хоккей мектебінің тәрбиеленушісі. ЖХЛ-дағы мансабын 2015-2016 жылғы маусымда бастаған.

2016-2017 жылғы маусымда «Зауралье» ХК-ның намысын қорғап, өткізілген 45 ойынның ішінде 19 (6+13) ұпай жинаған. 2017-2018 жылғы маусымда «Молот-Прикамье» ХК үшін ойнап, 22 кездесуде 15 (7+8) ұпай көрсеткішіне қол жеткізді. Биылғы 2018-2019 жылғы маусымда Александр 24 матч өткізіп, 15 (4+11) ұпай жинап үлгерді.