«Сарыарқа» хоккей клубы қатарынан бесiншi рет жеңiске жеттi

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей командасы Жоғары хоккей лигасы чемпионатында өз алаңында Тверь қаласынан келген ТХК командасынан овертаймда басым түсiп, қатарынан бесiншi жеңiсiне қол жеткiздi. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.

«Сарыарқа» хоккей клубы қатарынан бесiншi рет жеңiске жеттi

Қарағандыда өткен матч 2:1 есебiмен аяқталды. Айта кету керек, таблодағы есеп ойынның тек 30-шы минутында ашылды. Қарағандылық форвард Вадим Голубцов «Сарыарқа» клубын алға шығарды. Алайда ойынның аяқталуына жиырма минут қалғанда Максим Картошкин матчты овертаймға ауыстырды.

Қазақстандық командаға Алан Мартин Гуленiң соққысы жеңiс әпердi.