«Сарыарқа» хоккей клубы қатарынан үшiншi жеңiсiне қол жеткiздi
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандылық "Сарыарқа" Жоғары хоккей лигасы чемпионаты аясында пензалық "Дизельдi" ойсырата жеңдi, деп хабарлайды Vesti.kz.
Пензада өткен матч 3:0 (1:0, 1:0, 1:0) есебiмен қазақстандықтардың пайдасына шешiлдi. Ойынның үшiншi минутында Дмитрий Громов көзге түссе, екiншi кезеңде Анатолий Васильев өз командасын тағы бiр қуантты. Ал соңғы шайбаны Дмитрий Самарин салды. Айта кетейiк, "Сарыарқа" үшiн бұл қатарынан үшiншi жеңiс болып отыр және бұның алдында өткiзген матчтан кейiн қарағандылықтар ресейлiк чемпионаттың плей-офф сынына жолдама алып үлгердi.