«Сарыарқа» хоккей клубы ЖХЛ чемпионатында үшінші орынға көтерілді
АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы Жоғары хоккей лигасының чемпионатында Волжск қаласының «Ариада» командасын жеңіп, турнирлік кестенің үшінші орнына көтерілді. Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлады.
Волжск қаласында өткен матч қазақстандық команданың басымдығымен 3:0 есебімен аяқталды.
Голдардың авторлары - Владислав Лучкин, Роберт Логан Макмиллан мен Александр Васильев. Осылайша, «Сарыарқа» чемпионатта 73 ұпайға ие болып, ЖХЛ чемпионатының турнирлік кестесінде үздік үштікке қосылды.