Сарыарқа көпірінде көлік қозғалысы шектеледі
АСТАНА. 16 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 21.00-ден бастап 10 қыркүйекке дейін жөндеу жұмыстарына байланысты Сарыарқа көпірі бойынша көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады.
«Аталған кезеңде көлік қозғалысы шектеледі. Күндіз - 40 км/сағ, түнде (21.00-7.00) 20 км/сағ болады», - деп хабарлады ведомстводан.
Сонымен қатар, көпір астындағы көлік қозғалысы да шектеледі. Астана қаласының Жол полициясы басқармасы жүргізушілерден жолдарда кептеліс тудырмас үшін жол бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды. Жүргізушілерге ақпарат беру үшін жолдарда қажетті ескерту және тыйым салу белгілері қойылады.