«Сарыарқа» сырт алаңда «Рубинге» жол беріп қойды

АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда «Рубин» (Ресей, Тюмень) командасына жол беріп қойды.

«Сарыарқа» сырт алаңда «Рубинге» жол беріп қойды

Бұл ойында алаң иелерінің басымдығы барынша байқалды. Бірінші кезеңде олар екі бірдей шайба соқса, екінші кезеңде есеп айырмасын 3:0-ге дейін жеткізді. «Сарыарқа» тек үшінші кезеңде ғана оянғандай болды. Қарсыластар қақпасына екі мәрте қауіп төндірсе де таразы басын теңестіре алмады. Ал «Рубин» тағы бір шайбамен көзге түсті. Қорытынды есеп 4:2.

Айта кетейік, осы ойыннан кейін Жоғары хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде «Сарыарқа» 47 ұпаймен 9-шы орынға сырғыды. Ал «Рубин» хоккей клубы «Қазцинк-Торпедоны» артқа тастап, 53 ұпаймен үшінші орынға көтерілді.