«Сарыарқа» үздік командалардың бірін жеңді

АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы өз алаңында «Рубин» (Ресей, Тюмень) командасын ұтты.

«Сарыарқа» үздік командалардың бірін жеңді

Бұл матчта «Рубиннің» хоккейшілері есепті бірінші болып ашты. Содан бастап өз шабуылдарын үдетіп, есеп айырмасын барынша ұлғайтуға тырысты. Алайда «Сарыарқаның» тасқамал қорғанысын бұза алмады. Ойынның бірінші және екінші кезеңінде есеп өзгермеді. Ал үшінші кезеңнің соңғы секундттарында Қарағанды қаласының хоккей клубы таразы басын теңестірді. Осы орайда бас бапкердің ойын тактикасын ерекше атап өткен жөн. Команда сапындағы бір ойыншының ережені бұзып, екі минуттық айып уақытын өтеуге аттанғанына қарамастан, ол қақпашыны алып тастап, тағы бір хоккейшіні шағырды. Сөйтіп, «Сарыарқаның» қақпасы бос қалса да, хоккейшілер барын салып, есепті теңестіре білді. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Ал буллит сериясында үшінші кезеңнің соңында айып уақытын өтеген Константин Макаров өз командасына жеңіс әкелді. Қорытынды есеп - 2:1 (Б)

Айта кетейік, Жоғары хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде «Рубин» үздік бес команданың қатарына кіреді. «Сарыарқа» болса, тоғызыншы орында болған. Кешегі ойыннан кейін Қарағанды қаласының хоккей клубы 44 ұпаймен сегізінші орынға көтерілді.