«Сарыарқа» және «Достық» метро стансалары қолданысқа қашан беріледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы метросының екі жаңа бекеті - «Сарыарқа» және «Достық» 2021 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сарыарқа» және «Достық» метро стансалары қолданысқа қашан беріледі

«Сарыарқа» мен «Достық» бекеттерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Оның ұзындығы - 3,1 шақырым. Құрылыс жұмыстары жоспарға сай 2021 жылдың желтоқсанында аяқталады. 2020 жылы ұзындығы 2,5 шақырымды құрайтын «Қалқаман» бекетінің құрылысы басталды. Ол 2022 жылдың соңында пайлануға беріледі», - деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бұған дейін шаһар басшысы Алматыдағы қоғамдық көліктің дамуы туралы айтқан болатын.