«Сарыарқа» Жоғарғы хоккей лигасындағы жартылай финалдың алғашқы матчында жеңіліп қалды

АСТАНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат - Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы Жоғағры хоккей лигасында плей-оффтың жартылай финалының төртінші матчында «Ариада Акпарс» хоккейшілеріне жол берді, деп хабарлады Vesti.kz.

«Сарыарқа» Жоғарғы хоккей лигасындағы жартылай финалдың алғашқы матчында жеңіліп қалды

Волжскіде өткен кездесудің негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Алғашқы кезеңде командалар гол алмасты. Михаил Климчуктың шайбасына (9-минут) қонақтар Денис Игнашиннің соққысымен (18-минут) жауап қайтарды.

Екінші кезеңнің басында Анатолий Васильев «Сарыарқаны» алға шығарды. Алайда 48-ші минутте «Ариада» Алексей Гришиннің күш салуымен есепті теңестіріп кетті.

Овертаймның алғашқы муинутында Владимир Шепелевтің дәлдеп соққан шайбасы «Ариадаға» жеңіс әперді.

Сонымен бұл сериядағы есеп «Сарыарқаның» пайдасына 3:1 болып тұр.

Келесі қарымта ойын Қарағандыда өтпек.