«Сарыарка» Жоғарғы хоккей лигасындағы жүзінші шайбаны салды

АСТАНА. 7 қаңтар. ҚазАқпарат - «Сарыарқа» қазақстандық клубы Жоғарғы хоккей лигасындағы (ЖХЛ) өзінің дебюттік маусымында жүзінші шайбаны соқты.

«Сарыарка» Жоғарғы хоккей лигасындағы жүзінші шайбаны салды

Голдың авторы - клубтың ең мықты мергені Семен Кокуев.

Vesti.kz хабарлағандай, ЖХЛ 20 кездесуден тұратын жеңіс сериясын жалғастыруда: мерейтойлық шайба қарағандылық команданың «Рязань» ХК-мен болған кездесуінде соғылды, қарағандылықтар 5:0 есебімен жеңіске жетті.