Сарыбұлақ өзені астаналықтардың жаңа демалыс орнына айналады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Сарыбұлақ өзенінің маңында демалыс аймағы салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Бұл туралы Астана қаласының отын-энергетикалық кешен және коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Төлеуов қаланың экологиялық жағдайын жақсарту туралы «ҚазАқпарат» ХАА ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.

«Байқоңыр» ауданы аумағында Астананың қалалық ортаны регенерациялау басқармасы «Сарыбұлақ өзенінің темір жол көпірінен ЖЭС-1 жаққа қарай қалаға дейінгі жағалау белдеуін жақсарту, су қорғау аймағы мен жолақтарды орнату» құрылысын жүзеге асыруды бастады. Бас мердігер - «Спецстрой» компаниясы» ЖШС», - деп хабарлады Е. Төлеуов.

Құрылыс барысында Сарыбұлақ өзенінің арнасын абаттандыру көзделген. Жағалау маңы көгалданады, гүлзар бақтар мен сәндік ағаштар егіледі. Астана мен қала маңы тұрғындарының демалуы үшін жайлы жағдай жасалады.

Сонымен бірге, тасқын қаупі бар су ағынының өтуін қамтамасыз ету, іргелес ғимараттарды су тасқынынан қорғау, аумақтың экологиялық жағдайын жақсарту жоспарланып отыр.

Әкімдіктің хабарлауынша, 2018 жылдың 16 қазанында басталған құрылыс 2019 жылдың 4-тоқсанында аяқталуы тиіс. Қазіргі уақытта су түбін плиталармен жабдықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар