12:18, 03 Наурыз 2009 | GMT +5
«Сарын» фольклорлық ансамблінің концерті өтеді
АЛМАТЫ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда наурыздың 4-інде Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты «Сарын» фольклорлық ансамблінің концерті өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл концертке «Дарын» жастар сыйлығының иегері Сәуле Жанпейісова, ҚР мәдениет қайраткері Ардақ Балажанова, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, күйші Бекбол Құрақбаев пен ансамбльдің жеке орындаушылары қатысады деп жоспарланып отыр. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі ҚР мәдениет қайраткері Зәмзәгүл Ізмұратова. Концертті Шамшидин Омаров жүргізбек. Ансамбль Қазақтың Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының халық музыкасы факультетінің жанынан 2000 жылы құрылған болатын. Оны ұйымдастырушы және жетекшісі Консерваторияның доценті, шертер аспабының маманы Зәмзәгүл Шәріпқызы Ізмұратова.