Сарыоба стансасындағы жол жөндеу жұмыстары пойыз қозғалысына кедергі келтірмейді - ҚТЖ

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚТЖ» ҰК» АҚ Астана ірілендірілген жол дистанциясының Сарыоба стансасындағы үш мың метр темір жолдың шпалы жаңғыртылды. Тағы да 200 метрлік учаскеде шпалы жаңаланады, деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
None
None

Жолды жаңарту жұмыстары жазғы қалпына келтіру кестесіне сай жүргізілуде. Осындай әдіспен Қырқыншы-Ерейментау жол телімінде де темір-бетон шпалдары ауыстырылады. Жөндеу жұмыстары 36 сағатта аяқталады. Шпал ауыстыру жұмыстары СМД-80 жол техникасын пайдалану арқылы жүргізілуде.

Ақмола магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Жанат Әлжановтың айтуынша, жол техникасы рельсті ажыратып жатпай-ақ, шпалды кестеде белгіленген уақытта төсеуге мүмкіндік береді.

Технологиялық «терезе» кезінде бұл жолдармен пойыздардың қозғалысы тоқталмайды.  Жүк және жолаушылар пойыздары белгіленген кестеден еш ауытқымай, межелеген жеріне уақытында жетеді. 

  

 

Соңғы жаңалықтар