Сарыөзек-Көктал күре жолы екі күнге жабылады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат- Алматы облысында республикалық маңызы бар Сарыөзек-Көктал жолы екі күнге жабылады. Бұл бағытта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарыөзек-Көктал күре жолы екі күнге жабылады

«Республикалық маңызы бар «Сарыөзек – Көктал» автожолының 45-68 шақырымында 17-18 наурыз күндері аралығында өндірістік қажеттілікке байланысты бұрғылау-жару жұмыстары жүргізілетін болады. Осыған байланысты, автомобиль жолының осы учаскесі барлық автокөлік түрлері үшін жабық болады.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды, сондай-ақ 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Дауыл туралы ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктеуге болады«,- делінген Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.