Сарышаған полигонынан Ресей жалға алып отырған 1,5 млн. га жер қайтарылады

Келісімге сәйкес, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл және Ақтөбе облыстарының аумағында жалпы алаңы 1 млн. гектардан астам полигон жер учаскелері жалдаудан алынады. «Хаттама бойынша жалдаудан бірқатар жер учаскелерін шығару көзделеді. Олар: түсті металды өндіру үшін Қарағанды облысындағы Жаманайбат учаскесі, Бейнеу-Жезқазған теміржолын және Самара-Шымкент автокөлік жолдарын пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда облыстарындағы жекелеген учаскелері бар. Бұдан бөлек, Қарағанды және Жамбыл облыстарындағы А-313 және А-73 халықаралық авиациялық трассаларды түзету мақсатында 711 мың 290 гектар жер жалдаудан шығарылады », - деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Оқас Сапаров.
Құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.