Саша Барон Коэн енді қытайлық миллиардердің рөлін ойнамақ

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Саша Барон Коэн "Лесбиянка" ("The Lesbian") жұмыс атауы бар комедияға қатысқалы отыр.
None
None

Бұл туралы The Hollywood Reporter хабарлайды.

 Фильмге шынайы оқиғалар арқау болған. 2012 жылдың қыркүйегінде Гонконг миллиардері Сесил Чао (Cecil Chao)  қызы Гиги Чаоны некеге тұруға көндіре алатын кез келген ер адамға 65 миллион АҚШ долларын төлейтінін мәлімдеген болатын. BBC News-тің жазуынша, Гиги - кәсіпкер, Манчестер университетінің түлегі.

Саша Баорн Коэннің Four By Two Films компаниясы жаңа комедияның продюсерлігімен шұғылданбақ. Бұдан басқа, актердің өзі бұл картинада миллиардер-әкенің рөлін сомдайтыны шамаланып отыр.

Соңғы жаңалықтар