Саша Барон Коэнді сотқа берген палестиндік бизнесмен онымен ымыраға келді

АСТАНА. 22 шілде. ҚазАқпарат - Палестиндік бизнесмен Айман Абу Аит пен актер Саша Барон Коэн арасныдағы жанжал реттелді,

Саша Барон Коэнді сотқа берген палестиндік бизнесмен онымен ымыраға келді

деп хабарлайды Fox News.

Екеуінің арасындағы түсінбестік 2009 жылы «Труно» фильмінен кейін туындаған. Абу Аит фильмге түскен, алайда картинаны түсірушілер өздерінің шынайы ниеттерін оған айтпаған. Мұның орнына бизнесменге тілшілердің бірі Палестинада қалыптасқан  ахуалды талқылауға ниетті екендігін айтқан. Дегенмен дайын фильмде палестиндік «Әль-Аксы азапкерлер бригадасы» лаңкестік тобының көшбасшыларының бірі ретінде көрсетілген. 

Айман Абу Аит осыдан кейін өзінің ар-абыройына зор нұқсан келтірілгендігін айтып, сотқа 100 млн. доллар көлеміне өтемақы өндіріп беруге арызданған. Қзіргі уақытта палестиндік бизнесмен мен «Бруно» фильмін түсірушілер ортақ келісімге келді.