Сәтбаев ауруханасында қайтыс болған әйелден «құтыру» диагнозы расталған жоқ
Бірінші сараптаманың нәтижесі теріс болып шықты, нақты диагнозды анықтауға мүмкіндік беретін тағы бір сараптама жасалады, деп хабарлады мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасынан. Медиктердің пайымдауынша, әйелдің өліміне асқазан жарасы себеп болған.
Медиктер, «құтыру» долбарының қайдан болғанын түсіндірді. Әйелдің итін қаңғыбас ит тістеп алған. Ал өз иті иесінің саусағынан тістеп алады да, 15 күннен кейін әйел өзін жайсыз сезініп, ауруханаға түседі.
Сәтбаев ауруханасына «құтыру» диагнозымен бір пәтерде тұратын төрт адам түскенін бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз. Қалған үш адамның жағдайы қанағаттанарлық, дәрігерлердің бақылауында, оларға «құтыруға» қарсы вакцина егілді, деп хабарлады басқармадан.