Сәтбаев қаласындағы Жезқазған кенті таратылады

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлытау облысының Сәтбаев қаласындағы Жезқазған кенті таратылады. Ресми құжат ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды.

өзгеріс енгізіледі
Фото: gov.kz

«Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Ұлытау облысының әкімдігі қаулы етеді және Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Жезқазған кенті Сәтбаев қаласының әкімшілік-аумақтық бағынысына енгізіліп, кейіннен есептік деректерден алып тастай отырып, Жезқазған кенті таратылсын»,- делінген ресми құжатта.

Кент Жезқазған қаласынан солтүстік-батысқа қарай 25 шақырым, Сәтбаев қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 5 шақырым жерде орналасқан. Іргесі дүние жүзіндегі аса ірі Жезқазған мыс кенін игеруге байланысты 1907 жылы қаланған. 1937 жылдан кент саналып келді.

«Союз-5» зымыраны неге ұшпай қалды: күтпеген себеп аталды
Ұқсас жаңалықтар

«Союз-5/Сұңқар» зымыраны неге кешігіп ұшты: күтпеген себеп аталды