Сәтбаев қаласында екі жасар бала терезеден құлап кетті

СӘТБАЕВ. ҚазАқпарат - Сәтбаев қаласында 2 жасар бала терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сәтбаев қаласында екі жасар бала терезеден құлап кетті

1 маусым күні Сәтбаев қаласында 4-ші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен 2019 жылы туған қыз бала құлап, ауруханаға жеткізілді.

«Толық тексеру жүргізілді, қатты жарақат жоқалмаған. Баланы амбулаториялық емдеуге жібердік», - деді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетсек, жыл басынан бері облыс бойынша баланың терезеден құлауының 8 жағдайы тіркелген. Осыған байланысты құтқарушылар ата-аналардан кішкентай балаларды бақылаусыз қалдырмауды сұрайды.