13:00, 04 Сәуір 2012 | GMT +5
Сәтбаев қаласында мас жолаушы көлікті тоқтатқан жол полицейіне жұдырық ала жүгірді
ҚАРАҒАНДЫ. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында мас жолаушы көлікті тоқтатқан жол полицейне шабуыл жасады. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

«Сәтбаев қаласындағы көлік стансасының қасында жол полициясының жасағы жүргізушісі қауіпсіздік белдігін салмаған «Хонда-Одиссей» көлігін тоқтатты. Салондағы жүргізушінің ағасы болып шыққан 37 жастағы мас ер адам полиция қызметкеріне жұдырық ала жүгіріп, бірнеше рет ұрып үлгерген», - деп мәлімдеді оқиға туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Дәрігерлер жол полицейінің иығы мен қолының жарақаттанғанын анықтады. Ал жәбірлеушінің алкогольдік мас күйінде болғаны дәлелденді.
«Жүргізуші әкімшілік құқық бұзушылығы үшін жауапкершілікке тартылады. Билік өкіліне зорлық көрсету фактісімен жолаушыға байланысты процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.