Сәтбаев қаласында мемлекеттік тілді оқыту тегін курстары ұйымдастырылды

ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Сәтбаев қаласында (Қарағанды облысы) мемлекеттік тілді оқыту тегін курстары ұйымдастырылды, бұл жерде кез-келген адам тегін курстан өте алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

«Қала басшылығы курстардың тегін болуын, оларды кез-келген қызығушылық танытқан аам қатыса алуы үшін, осының арқасында тұрғындардың мемлекеттік тілді үйренуіне қажетілігіне түйсіндіру мақсатында барлық жағдайлар жасап отыр», - деп атап өтті қала әімдігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі күні аталмыш курстарда жүзден астам адам оқып, білім алуда. «Сабақтарды кәсіби ұстаздар жүргізеді, ал орталықтың өзі қажетті әдебиетпен қамтамасыз етілген. Курстардың ұзақтығы - алты ай. Мамандардың пікірінше, бұл уақыт қазақ тілінің негіздерін оқу үшін ғана емес, ауыз-екі тілді үйренуге де толықтай жетерлік», делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар