Сәтбаев қаласында шенеунік баласы арқылы пара алды деген күдігіне ілінді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Пара алды деген күдікпен Сәтбаев қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сәтбаев қаласында шенеунік баласы арқылы пара алды деген күдігіне  ілінді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, күдікті өзінің қылмыстық ойынан хабарсыз ұлы арқылы «Хлебстрой» ЖШС Қарағанды филиалының директорынан жалпы көрсеткен көмегі және «Өңірлерді дамыту – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қалада жарықтандыру орнату бойынша орындалған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қойып, қалған 4 млн теңге сомасын ЖШС-ға аударғаны үшін 1 млн 200 мың теңге сомасында пара алу күдігіне ілініп отыр.

«Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады», - деп атап өтеді агенттіктен.