Сәтбаев қаласындағы №67 шахтада 3 жұмысшы мерт болды - ТЖМ

АСТАНА. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласындағы №67 шахтада 3 жұмысшы қаза тапты, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Таратылған ақпаратқа сәйкес, наурыздың 30-ы күні сағат 17.00-де «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-ға тиесілі «Жезқазғантүстіметалл» өндірістік бірлестігі «Степной» кенішінің №67 шахтасында жұмыс істемей тұрған бағанның бойымен мұз сырғып түсіп, жақын маңда болған үш кеншіні басып қалған. 28, 23 және 22 жастағы жұмыскерлер сол орында жан тәсілім етті.

Соңғы жаңалықтар