«Сәтбаев-Жезқазған» автожолында 1 адам құрбан болып, 5 адам зардап шекті

АСТАНА. Наурыздың 29-ы. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте «Сәтбаев-Жезқазған» тас жолында болған жол апатынан 1 адам қаза тауып, 5 адам зардап шекті,

«Сәтбаев-Жезқазған» автожолында 1 адам құрбан болып, 5 адам зардап шекті

деп хабарлады ҚР ТЖМ-нан.

Ведомство баспасөз қызметінен мәлім еткендей, наурыздың 28-і күні кешкі сағат 21.30-да автожолдың 3-ші шақырымында «Ауди» және «ВАЗ» көліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан екінші көліктің жүргізушісі сол орында мерт болды, «Аудидің» жүргізушісі мен екі көліктегі 4 жолаушы, оның ішінде 3 жасар сәби ауруханаға жеткізілді.