Сәтбаевта тұрғын үйде болған өрттен бір адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәтбаев қаласының Весовая кентінде өрт болып, бір адам қаза тапты, тағы бірнеше адам зардап шеккен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сәтбаевта тұрғын үйде болған өрттен бір адам ажал құшты

«Үйдің өртенуі туралы хабар 3 сәуір күні 03:26-да түсті. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткен кезде екі қабатты, сегіз пәтерлі ағаш үйдің шатыры жанып, баспалдағы құлап жатқан. Өртті сөндіруге қосымша күш жіберілді», - делінген хабарламада.

Өрт сөндіру кезінде 1 адам құтқарылып, тағы бір адам қауіпсіз жерге көшірілді. Екінші қабаттан ыс тиген 53 жастағы ер адам құтқарылып, ауруханаға жеткізілді. Сол пәтерден 29 жастағы жігіттің денесі табылған.

Өрт 7:14-де сөндірілді, жалын 180 шаршы метрді шарпыған.
null 

Жазатайым оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

Үйде 19 адам, соның ішінде 8 бала тұратын. Жергілікті атқарушы органдар 3 адамды жатақханаға орналастырды, қалғандары туыстарына барып паналады.