Сатылған ұлттық компаниялардың қаражаты қайда жұмсалады – депутат жауабы

қаржы
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекбол Орынбасаров сатылымға шығарылған ұлттық компаниялардың қаржысының қайда жұмсалатынын айтты.

«Мемлекет басшысы жаңартылған Үкіметтің кеңейтілген отырысында ұлттық экономиканы әртараптандыруды ұлғайту керектігін айтқан еді. Елімізде 2006 жылдан бастап квазимемлекеттік секторларды жекешелендіру үрдісі жүріп жатыр. Соның нәтижесінің бірі, өткен жылы күзде «KEGOC» АҚ және биыл қаңтарда Air Astana әуе компаниясы IPO-ға шығарылып, алғашқы акциялары сатылды. Компания акцияларына сұраныс жоғары болды», - деді Бекбол Орынбасаров Сенат қабырғасында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Сондай-ақ, халық қалаулысы жекеге сатылған компаниялардың қаржысы қайда жұмсалатынын айтты.

«Түскен қаражаттың жартысы Ұлттық қорға жіберіледі, қалғаны сол компанияның ішкі мәселелерін шешуге жұмсалады», - дейді депутат.

Айта кетейік, бүгін Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінде 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарының шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің акцияларын орналастыру мәселелері талқыланды.

Соңғы жаңалықтар
telegram